Тақырып
11. Ұлттық
экономика жүйе
ретінде.
Негізгі
макроэкономикалық
көрсеткіштер
1.Қоғамдық
өндірістің нәтижелері,
олардың
жалпы ұлттық өнімде
(ЖҰӨ) көрініс
табуы. Шығындар
мен табыстар
айналымдарының
макроэкономикалық
моделі.
2.Макроэкономикалық
көрсеткіштер.
3.Ұлттық
есептеу жүйесінің(ҰЕЖ)
жалпы
сипаттамасы.
Қоғамдық
өндірістің мөлшерін
(аумағын)
сипаттайтын
және әлемдік
шаруашылықта
іс жүзінде қолданатын
көрсеткіш – жалпы ұлттық
өнім (ЖҰӨ).
ЖҰӨ -
белгілі бір
уақытта (әдетте
бір жыл) өндірілген
барлық дайын
тауарлар мен қызметтер
құнының
жиынтығы.
ЖҰӨ-ді
есептегенде қайта
есеп (қайталанған)
шығарып
тасталып, тек
түпкі (соңғы) өнім,
яғни, әртүрлі
тұтынуға
сатып
алынатын
тауарлар мен қызметтер
негізге
алынады.
ЖҰӨ-ді
есептегенде
мына әдістер қолданылады:
шығындар,
табыстар және
қосылған
құн бойынша.
Әртүрлі
әдістермен
есептеліп
алынған ЖҰӨ-нің
сомасы
бірдей болуы
керек.
Себебі, нарықтық
шаруашылықта
бір
субъектінің
шығыны, басқа
субъектілерге
пайда
ретінде көрсетіледі.
1.
ЖҰӨ-ді шығындар
бойынша
есептеу
– түпкі (соңғы)
өнімді және қызметтерді
өндіру үшін қажетті
барлық шығындардың
қосындысы
(сомасы).
Ондай шығындарға
жататындар:
жеке тұтыну
шығындары (С),
жалпы
жекеленген
ішкі
инвестиция
(І), мемлекет
сатып алған
тауарлар мен қызметтер
(G), таза
экспорт (Хn).
Сонымен,
ЖҰӨ (шығындар
бойынша) =
.
Жеке
тұтыну шығындары – тұтыну
тауарларының
ұзақ
мерзімде (жеңіл
автокөлік, мұздатқыш
т.б.) және қысқа
мерзімде
(нан, ет, көйлек,
т.б.) және қызметтерді
(врач, юрист
т.с.с.)
пайдаланған
шығындар.
Жалпы
жекешеленген
ішкі
инвестиция
– фирма шығындары
үш
компоненттен
құралады:
машинаны, құралдарды,
станоктарды
сатып алу; құрылыс;
қордың өзгеруі.
Жалпы
инвестиция –
аммортизация
сомасымен
инвестиция өсімімен
немесе «таза
жекеленген
инвестиция»
(Іn). Сондықтан,
жалпы
инвестиция
мен
аммортизацияның
арақатысы
экономиканың
көтерілуі
мен төмендеуін
көрсететін
индикатор
ретінде қызмет
жасайды.
Мемлекет
сатып алған
тауарлар мен қызметтер
– кәсіпорынның
түпкі (соңғы) өнімге
жұмсаған
барлық шығыны
және
мемлекет тарапынан
ресурстар
мен жұмыс күшін
сатып алуға жұмсалған
тікелей шығындар.
Бұл жерден
трансферттік
төлемдер шығарып
тасталады.
Таза
экспорт
– тауар мен қызмет
экспорты және
импорты
арасындағы
айырым. Бұл
көрсеткіштің
тиімді
немесе
тиімсіз жағы
да болады.
2.
ЖҰӨ-ді
табыстар
бойынша
есептеу
– тауар өндірумен
қызмет көрсету
процесіндегі
жасалған
барлық
табыстар
сомасы
(жиынтығы). Оған
жататындар:
аммортизация,
бизнеске жанама
салық, жалақы,
рента,
процент,
пайда.
3.
ЖҰӨ-ді
қосылған құн
бойынша
есептеу
– бұл әдіс
бойынша өндірушілердің
ЖҰӨ жасауға қатысқан
үлесін анықтайды.
Қосылған құн өнімді
сатудан түскен
түсім мен оның
өндірістің
заттай
факторының
шығынының
айырмасы
ретінде
немесе барлық
жаңадан
жасалған құнға
аммортизацияны
қосқанда анықталады.
ЖҰӨ өндірістің
сандық және
уақытша ақшалай
жағдайын
сипаттауына
байланысты
инфляция және
дефляция оны
есептеуді қиындатады.
Себебі, ЖҰӨ-ді
есептеген
бастапқы мағлұмат
– сату көлемі
болады. Ол өз
ретінде
сатылған
заттың көлемі
мен оның бағасының
деңгейіне тәуелді.
Осыған байланысты
нақты және
шынайы ЖҰӨ
ажырата білу қажет.
Номиналды
ЖҰӨ - ағымдағы
(қолданып) жүрген
бағамен
есептелген ЖҰӨ.
Нақты
(реальный) ЖҰӨ -
базалық бағаны
бағаның өзгеруіне
байланысты өзгертіліп
есептелген, яғни,
индекстелген
бағамен
есептелген ЖҰӨ.
Бағаның
өсуіне
байланысты ЖҰӨ-нің
көбеюін көрсететін
көрсеткіш ЖҰӨ
дефляторы
деп аталады.
Ол номиналды
ЖҰӨ-нің нақты
ЖҰӨ-ге қатынасымен
анықталады.
.
ЖҰӨ - халықтың әл-ауқатын сипаттайтын негізгі көрсеткіш. Бұл көрсеткішті осы мақсатта пайдаланғанда ескеретін жәй, кейбір нарықпен байланыссыз іс-әрекеттер, жұмыстар, процесстер сандық жағынан ЖҰӨ кірмейді. Оған жататындар: ақылы (төленетін) демалыстың ұзақтығы, тұтыну құнының сапасын жоғарылату, сонымен қатар урбанизацияның салдарынан туындайтын негативті жағдайлар және адамдардың, өндірістің іс-әрекеттің салдарынан (ортаның ыластануы, айқай-шу т.б.) өмір сүру жағдайының нашарлауы.
Басты макроэкономикалық көрсеткіш ЖҰӨ-нен басқа да экономикада жылдық өнім шығарудың өлшеуіші ретінде қолданатын бір-бірімен өзара тығыз байланыста болатын көрсеткіштер бар. Олардың бәрі ЖҰӨ негізінде есептеледі.
Ұлттық экономиканың қызметтерінің нәтижесін сипаттайтын келесі көрсеткіш
– жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).
ЖІӨ - белгілі бір уақытқа мемлекет аумағында өндірілген түпкі (соңғы) тауарлар мен қызметтердің барлық сомасы.
ЖҰӨ мен ЖІӨ жабық экономикада бір-біріне тең болады. Ал ашық экономикада бұлардың арасында айырмашылық бар. Ол айырмашылық мына жағдайдан туындайды: мемлекет ішіндегі шетелдік фирмалардың даму деңгейі мен ұлттық ресурстардың әр түрде шетелде өндірістік іс-әрекетке қатысуынан туындайтын айырмашылық. Бір сөзбен айтқанда: ЖІӨ шетелдегі өндіріс факторларына түсімі (факторлық табыс) мен елдегі шетелдік инвесторлардың алған факторлық табыстарының айырмашылығынан кем (аз) ЖҰӨ-нен.
ЖІӨ-ді есептеуде ЖҰӨ есептеу әдістерін пайдаланады.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). ТҰӨ -ЖҰӨ-нен аммортизация сомасын алып тастағанға тең.
ТҰӨ-нен
бизнеске
салынатын
жанама салықты
шегергенде ұлттық
табыс пайда
болады. Ұлттық
табысты
тікелей қоғамдағы
барлық табыс
түрлерін:
жалақы,
арендалық төлем,
өндірістік
табыс, пайдаға
салынатын
салық,
дивидендтер,
кәсіпорынның
бөлінбеген
пайдаларын қосып
анықтайды.
Жеке
табыс – ұлттық
табыстан
салық және
басқа алым-төлемдерді
алып тастағаннан
кейінгі қалдыққа
трансферттік
төлемдерді қоссақ
аталған
табыс шығады.

Ұлттық
шаруашылық
елдегі халықтарды
өмір сүруге қажет
игіліктерді қамтамасыз
ету үшін,
табыспен қамтамасыз
етуге қызмет
жасайды.
Сондықтан, ұлттық
экономиканың
тиімділігі
артқан сайын,
әрбір адамның
өмір сүру деңгейінің
жоғарылауына
мүмкіншіліктер
көп болады.
Ұлттық
байлық елдің
экономикалық
қуаттылығын
көрсететін
маңызды көрсеткіштердің
бірі.
Ұлттық
байлық
барлық тұтыну
құнының ақшалай
көрінісінің
жиынтығы. Ұлттық
байлықтың шығар
көзі – еңбек
пен табиғат.
Ұлттық
байлық үш бөліктен
құралады:
1.
Заттық
байлық;
2.
Табиғи
байлық;
3.
Материалдық
емес байлық.
Заттық
байлық - өндірістің
және еңбектің
нәтижесі. Табиғи
байлық – еңбек
сіңбеген
табиғи байлық.
Байлықтың мұндай
түрге бөлінуі
еңбекпен
жасалған
немесе табиғат
сыйлаған
болуынан.
Заттық
байлық
дегеніміз қазіргі
уақытқа қорланған
өткендегі
(прошлый) еңбек
өнімі, өндірістің
әрі қарай өсуіне
қызмет
ететін және
адамдардың өмір
сүру деңгейінің жақсаруына
әсер ететін
заттар. Ол
адам қоғамының
дамуының
барлық кезеңінде,
адамдардың еңбегімен
жасалған тұтыну
құны. Осыған
байланысты
заттай байлық
–
экономикалық
категория
болады. Онда
адамдардың еңбегі
қорланған,
сондықтан
заттар жөніндегі
адамдардың қатынасын
көрсетеді.
Тауарлы
өндіріс тұсында
заттай байлық
құн түрінде
болады. Оған
жататындар
(немесе
элементтер):
1)
Негізгі
капитал: үй-жай,
қора-қопсы, өндірістік
құралдары.
2)
Айналмалы
капитал. Оған
жататындар:
шикізат,
жанама
материалдар,
жанар-жағар
май, электр қуаты
т.с.с. еңбек
заттары.
3)
Қоғамның
өндірістік
емес
капиталы. Оған
жататындар:
барлық
меншік түріндегі
тұрғын үй қоры,
ғылым және оқу
орындары,
ауруханалар,
санаториялар,
театрлар,
музейлер, мәдениет
үйлері т.б. әлеуметтік
сала жайлары.
4)
Айналым
капиталы.
Заттық байлық
құнына
айналым
капиталының
тек сатуға
дайын өнімдер
бөлігі мен қамсыздандыру
қоры кіреді.
5)
Халықтың
жеке мүліктері.
Оған: тұрғын үй,
киім, автокөлік
т.с.с. жеке
адамдар ұзақ
тұтынатын
заттар құны
кіреді.
6)
Мемлекеттік
резервтер. Оған:
қамсыздандыру
қоры, алтын қоры
және қорғанысқа
қажет қорлар
кіреді.
7)
Өндіріс
процестеріне
табиғи
ресурстарды
тарту. Оған:
ауылшаруашылық
жерлері,
орман-тоғайлар,
қазба байлық
көздері,
гидроэнергетикалық
ресурстар
енеді.
Ескеретін жәй
бұл
элементтерді
статистика
есепке ала
бермейді.
Айта
кететін тағы
бір мәселе
заттық байлыққа
адам
ресурстары
мен табиғи
игіліктер
(су, ауа,
ауа-райы т.с.с.)
кірмейді, себебі
олардың нарықтық
бағасы
болмайды.
Сонымен қатар,
жалған
капиталдар,
акциялар,
облигациялар,
вексельдер
т.с.с.
кірмейді.
Заттық
байлық үнемі өсіп
отырады.
Заттық байлықтың
өсуіне мына
факторлар әсер
етеді:
1)
еңбек өнімділігінің
өсуі;
2)
жалпы өндіріс
тиімділігінің
өсуі;
3)
материалдық
өндіріс
сферасында жұмысқа
қамтылған
адамдар
санының өсуі;
4)
ұлттық
табыста қорлану
нормасының ұлғаюы.
Ұлттық
байлықтың құрамды
бөлігінің
бірі – табиғи
байлық.
Табиғи
байлық өндірістің
материалдық
негізін және
адамдардың
іс-әрекетінің
ішкі ортасын құрайды.
Табиғи байлықтың
пайда болуы
адам қоғамына
тәуелді емес,
табиғи заңдылықпен
өтіп жатады.
Орман-тоғай,
су, жер
ресурстары, қазба
байлық табиғат
заңымен
пайда болған.
Табиғи
байлық қоғамның
тек
потенциальды
байлығы.
Себебі ол
адамдардың
іс-әрекетінің,
еңбегінің нәтижесі
емес, табиғат
сыйлығы. Табиғат
сыйлығы
адамдардың еңбегінің
әсерімен қоғам
байлығына
айналады.
Мысалы,
адамдар
ормандағы ағашты
кеседі,
сонымен қатар
оны егеді,
жерге егін
егеді, тыңайтады,
т.с.с. Осының нәтижесінде
табиғи
ресурстар
табиғаттан
алынып, қоғамдық
байлық
элементіне
айналады.
Бұл
жерде
ескеретін мәселе
табиғи байлықты
заттар мен
табиғи күш
жиынтығы деп
түсінуге
болмайды, тек
оның адам
жасаған құрал-жабдықтармен
әсер етуге
болатын бөлігі
ғана. Қазіргі
кезеңдегі
техниканың
даму деңгейі
кейбір қазба
байлықтарды
алуға мүмкіншілігі
жетпейді.
Мысалы: өте
тереңдегі қазба-байлықтарды,
теңіз суында
еріген бағалы
металлдарды
пайдалануға
мүмкіншілік
жоқ. Осыған
байланысты,
табиғи байлық
тұсінігі мен
оның көлемі
тарихи
дамуда
болады.
Барлық
қазба-байлықтар
бастапқы қалпына
келмейді.
Табиғи байлық
қоры
жылдан-жылға қысқарып,
азайып
келеді. Сондықтан
пайдалы қазбаларды
сапасы төмен,
қиын
алынатын
аудандардан
алуға тұра
келіп отыр.
Осыған
байланысты қазба-байлықтарды
ұтымды (үнемді)
пайдалану,
сонымен қатар,
қоршаған
ортаны қорғау
мәселелері
туындап отыр.
Ұлттық
байлықтың
келесі құрамды
бөлігі –
материалдық
емес байлық.
Материалдық
емес байлық –
материалдық
емес өндіріс
сферасында
жасалады.
Материалдық
емес сферада
заттық
субстанциясы
жоқ ерекше тұтыну
құны
жасалады. Ол
материалдық
сфераның қызмет
жасау үшін және
дамуына ғана
емес,
адамдардың өмір
сүру деңгейін
көтеруді қамтамасыз
етуде қажет.
Оған
жататындар: мәдениет
пен өнердің
дамуы, ғылыми
білімнің қорлануы
мен қоғам мүшесінің
интеллектуалды
деңгейі, жұмысшылардың
кәсіби
білімі мен
мамандық деңгейі,
медицина,
денсаулық сақтау,
физкультура
және спорттың
даму деңгейі.
Қазіргі
кезеңге
байланысты
классикалық
мектептің ұлттық
байлыққа
деген көзқарастарын
толықтыру қажеттілігі
туындап отыр.
Әрине,
меркантилисттер,
физиократтар
және
классикалық
мектеп ұлттық
байлық
туралы сол
кездегі өмір қажеттілігіне
байланысты қорытынды
жасады.
Ол
кезең қоғамның
индустриялық
даму кезеңі
деп анықталады
да, соған
байланысты қажеттілікті
негізге алды.
Қазіргі кезеңді
постиндустриялды
кезең деп
айтып жүрміз.
Осыған
байланысты ұлттық
байлықты жаңаша
қарауға тура
келеді.
Постиндустриялды
қоғам маңызды
екі жағдаймен
сипатталады:
1)
жоғарғы
ақпаратты қоғам;
2)
қоғам мүшелерінің
хал-ахуалдарының
сапалы өсуі.
Сондықтан
ақпарат ұлттық
байлықтың маңызды
элементттерінің
біріне
айналып отыр.
Ақпарат –
ол қабылдаушылар
үшін жаңалық
элементтері
бар және
шешім қабылдауды
талап ететін
мәлімет.
Ақпарат
– қазіргі қоғамымыздың
гүлденіп
дамуын қамтамасыз
ететін өндірістің,
сауданың және
технологиялық
іс-әрекеттердің
фундаменталды
негізі. Сондықтан,
ақпараттандыру
жолына түспеген
және қазіргі
ақпараттық
технологияны
енгізбеген қоғамда
ұлттық байлықтың
уақтануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Әлеуметтік,
әсіресе
экономикалық
даму, ақпаратты
ендіруді, сақтауды
және
таратуды өндіріс
және қызметтер
жүйесінің маңызды
мәселелерінің
бірі болып
отыр.
Компьютерге
негізделген
ақпараттық
технологияның
пайда
болуына
байланысты ақпарат
қоғамның және
шаруашылықтың
дамуының
шешуші
факторы ғана
емес, ұлттық
байлықтың
негізгі
элементтерінің
біріне
айналды.
Өткен
сұрақтардағы
қарастырылған
макроэкономикалық
көрсеткіштер
өте күрделі
процестер жүйесін,
олардың өзара
тығыз
байланыста және
өзара тәуелділікте
болатындығын
көрсетті.
Міне осы
байланыстар
мен тәуелділіктер
ұлттық есеп
шоттың құрылымы
мен негізін құрайды.
Нарықтық
экономика жағдайындағы
ұлттық есеп
шоттың мән-мағынасы
қоғамдық
шаруашылықты
біртұтас түрінде
жалпы
экономикалық
тепе-теңдігін
қамтамасыз
етуде.
Сонымен, ұлттық есеп
шот:
біріншіден – ұлттық
есеп шот жүйесі;
екіншіден –
макроэкономикалық
процестерді
мемлекеттік
реттеудің ең
маңызды құрамдарының
бірі.
Ұлттық
есеп шот жүйесі
(ҰЕШЖ)
бухгалтерлік
принциптегі қос
жазуға
(двойной
запись)
негізделген, қоғамдық
өндіріске,
мемлекет көлемінде
қорлану
процесіне және
ұлттық байлық
деңгейінде қатынасушылар
арасындағы
тауар мен
табыстың
біріккен қозғалысын
көрсететін
баланс
кестелерінің
жиынтығы.
Ұлттық
есеп шот әдісінің
іргетасын қалаушы
француз
экономисі
Франсуа Кенэ
(1694-1774 жж.) болды. Ол
қоғамдық ұдайы
өндірісті
талдауды қоғамдық
өнімнің
натуралдық
(заттай) және құндық
элементтерінің
арасында
баланстық
пропорцияны
орнықтыру тұрғысынан
жүргізді. Бұл
әрине ғылымдағы
үлкен жаңалық
болды. Осыған
қарамастан көп
жылдары қолданылмады.
Жиынтық
экономикалық
көрсеткіштер
шаруашылықтар
арасындағы тәуелділіксіз
есептелді.
Тек,
ХХ ғ.
30-жылдарындағы
әлемдік
экономикалық
дағдарыстан
кейін
экономиканы
басқаруда
мемлекеттің
араласуының қажеттілігін
сезінді.
Мемлекеттің
экономиканы
басқаруға
араласуынсыз
экономикалық
дағдарыстан
шыға
алмайтындығына
көздері
жетті. Осыған
байланысты
макроэкономикалық
талдау мен
болжау
кешенді
(комплексті)
жүргізу
бірінші
орындағы мақсат
болды. Оны
шешу үшін
макроэкономикалық
талдауда ұлттық
есеп шот жүйесін
қолдану қажеттілігі
туындады.
Ұлттық
есеп шоттың
теориялық
негізін Дж.
Кейнстің, А.
Боулидың,
К.Кларктың,
Дж. Стелманның
еңбектері құрады.
Олар ұлттық
табысты
есептеу мәселесімен
шұғылданды.
ҰЕШЖ
жетілдіруге
халықаралық ұйымдар,
әсіресе БҰҰ-ның
статистикалық
комиссиясы
жасап, оны 1953
жылдан
бастап қолданылып
келеді. Бұл
алты есеп
шоттан тұратын
жүйе, елдің
экономикалық
дамуын бағалауға
мүмкіншілік
береді. 1968 жылы ҰЕШЖ
халықаралық
стандартына
жаңалықтар
енгізіп (жаңадан
үш есепшот
енгізілді),
ол 1993 жылға
дейін іс жүзінде
қолданды.
1993
жылдан
бастап ұлттық
есеп шоттың
халықаралық
стандартының
жүйесінің үшінші
модификациясы
қолданылды.
Ол жеке
елдердегі ұлттық
есеп шоттың
теориялық және
іс жүзіндегі
соңғы
жетістіктерін
ескере құрылды.
Бұл жүйені
жасағанда
«экономикалық
өндірістің»
(яғни ЖІӨ өндіріс
сферасы үй
шаруашылығының
қызметінен
(тамақ
дайындау, үй
сыпыру т.с.с.)
басқа барлық
тауарлар мен қызмет
өндірісін қамтиды).
Өндіріске қоршаған
ортаны қорғаудағы
іс-әрекеттерді
кіргізген.
ҰЕШЖ
пайдалану (қолдану)
мемлекеттің
макроэкономикалық
саясатты
тиімді жүргізуіне,
экономикалық
болжауға, ұлттық
табысты халықаралық
деңгейде салыстыруға
қажет.
ҰЕШЖ
атқаратын қызметтері
(функциясы):
1)
экономикалық
саясат;
2)
экономикалық
болжау;
3)
адамдардың
әртүрлі
топтарындағы
өмір сүру деңгейін
және оны басқа
елдердегі өмір
сүру деңгейімен
салыстырып
баға беру;
4)
экономикалық
теория мен
практиканы
байланыстыру.
Қорыта
айтқанда, ұлттық
есепшот өткен
жағдайларды
тереңірек
біліп, тану құралы,
сонымен қатар
экономикалық
саясат пен
жоспарлау құралы
ретінде
пайдаланылады.
Соның көмегімен
экономикалық
құрылымдарға,
экономикалық
тиімділікке
және
экономикалық
теорияның
жекелеген тұжырымдарына
баға беруге мүмкіншілік
береді.
Сұрақтар:
1.Макроэкономика
ұғымы мен
негізгі
макроэкономикалық
мәселелер.
2.Ұлттық
есептеу жүйесі.
3.Жалпы
ішкі өнім мен
бір-бірімен
байланысты көрсеткіштердің
жүйесі.
4.Қоғамның
табыстарын өлшейтін
негізгі көрсеткіштер
Әдебиеттер:
1.
Осипов
М.
Экономикалық
теория
негiздерi.
-Алматы, 2002
2.
Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж.
3.
Экономикалық
теория
негіздері: Оқулық
/ Я.Ә. Әубәкіров
және т.б.
Алматы
«Санат» 1998 ж.
4.
Борисов
Е.Ф., Волков Ф.М.
Основы
экономической
теории:
Учебное
пособие для
сред.спец.учеб.завед.
– М.: Высш.шк., 1994.
5.
Амбарцумов
А., Стерликов
Ф.
Экономическая
теория Economics в
вопросах и
ответах. –
Киров: Вятка.
– Ч.1. – 1994.
6.
Мәдешев
Б. Нарықтық
экономика
теориясына
кіріспе: Оқу құралы.
Алматы:
Экономика, 1995.